Атырау, 27 қараша 12:53
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қытай БАҚ өнімдері гонконгтық наразыларға «күштеп» көрсетілген

2 986 просмотра


Өткен онкүндікте әлеуметтік желілерде ҚХР билігінің қолдауымен Гонконгтағы наразыларға қарсы келісілген жымысқы ақпараттық науқан жүргізілген. Бұған көз жеткізген YouTube, Twitter және Facebook желілері пропагандалық шабуыл айла-шарғының жолын кесу амалдарын қабылдап, жүйе саясатына өзгерістер енгізуде. 

YouTube видеохостингнің сайт әкімшілігі Гонконгтағы ереуілшілерге «ықпал ету әрекеттерінің науқаны» байқалады деген күдікпен 210 арнаны бұғаттады. Reuters ақпарат агенттігі операция тек YouTube-те ғана жүргізілмеген, осы аптада Twitter және Facebook әлеуметтік желілерінің өкілдері көптеген аккаунттардың бұғатталғандығы туралы хабарлағанын айтады. Әлеуметтік желілерде бұл науқанды Бейжің тапсырысымен іске асырылған деп санайды. YouTube құрамына кіретін Google қауіпсіздік қызметі басшыларының бірі Шейн Хантли барлық үш әлеуметтік желілердегі науқанды «Қытаймен байланысты» адамдар тобы өткізгенін мәлімдеді. 

Дүйсенбіде Твиттер мен Facebook Гонконгтағы наразылық акцияларын тоқтатуға бағытталған науқанға қатысқан аккаунттардың жойылатыны туралы хабарлады. Әлеуметтік желілер өкілдерінің айтуынша, науқан Қытай билігінің қолдауымен өткізілді. Twitter, Facebook және YouTube Қытайда бұғатталған, бірақ бұл шектеулер Гонконгқа қолданылмайды. Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі пайдаланушылары қытайлық мемлекеттік телеарналар шығарған жарнамалық роликтердің жаппай таралуын байқаған екен. Активті көрсетілім қатарына орналастырылған барлық бейнероликтер Гонконгтағы наразылыққа қарсы мәнде жасалған. 

Нәтижесінде, дүйсенбіде Твиттер басшылығы өзінің жарнама саясатындағы басты өзгеріспен бөлісті: әлеуметтік желіде бұдан былай мемлекеттік БАҚ-тың медиөнімдері жарияланбайтын болады. Ал Facebook және YouTube әлі де жарнамаларды орналастыру ережелерін өзгертуді жайында мәлімдеме жасай қойған жоқ. YouTube қытайлық мемлекеттік БАҚ-тарға тиесілі аккаунттарды бақылауды қатайтуға уәде берді Инновациялар туралы толық ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Енді YouTube-те Синьхуа мемлекеттік агенттігі, CCTV және CGTN телеарналарының кез келген бейнеөнімі аудиторияға  БАҚ-тарды ҚХР үкіметі бақылайтындығы туралы ескертулермен бірге жариялайды. Алайда, Қытайға қарайтын бірқатар мемлекеттік басылымдар, соның ішінде People Daily, China Daily және Global Times бұл талаптан босатылған. Биылғы жаз Гонконг үшін тарихтағы ең ауқымды протестік маусым болды. 

Естеріңізге сала кетейік, Бейжің кеңсесінің «отпен ойнамаңдар, қатерлі деңгейге жеттіңдер» деп доқ көрсетуіне, Гоконг үкіметінің ескертуі мен полиция іс-қимылдарына қарамастан наразылықтардың үздіксіз жүріп жатқанына үш айға таяды. Қарсылық шараларының басты уәжі – «Тұтқындарды Қытайға экстрадициялау туралы» заң жобасын қабылдамау, шерулерде ұсталғандарды босату, күш қолданған полиция қызметкерлерін жазалану мен ел басшысы Кэрри Ламның отставкаға кетуі талаптары. Тіпті, кейбір демонстранттар Гонконг автономды аймағының 2047 жылы ҚХР құрамына толықтай өтуіне қарсы, Бейжіңнен елдің Тәуелсіздігін танып-мойындауын сұрауда. Осы уақытқа дейін Ұлыбритания, АҚШ, Тайван т.б. мемлекеттер наразылардың жағында екенін мәлімдеген еді. Тіпті Канада билігі өз қызметкерлеріне Қытайға сапар-саяхатқа бармауға үндеді. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

23 тамыз 2019, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.