Иран Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұндай мәлімдемені ИИР Революция сақшылары корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы мәлімдеді. Ол мәлімдемесінде Иран Теңіз күштері халықаралық су жолы, трансаймақ саналатын Парсы шығанағындағы қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауға толықтай қабілетті.
Бандар-Аббастағы Теңіз күштерін аралау кезінде Иран Революция сақшылары корпусына қарасты Теңіз күштерінің қолбасшысы Алиреза Тангисири: "Иран Теңіз күштері Парсы шығанағында тәртіпсіздік пен былықпалық орнатуға жол бермейді. Тұрақтылықты сақтап, қауіпсіздік орнату міндетін өтейді", – деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ, Парсы шығанағы мен оның ашық теңізге шығатын өткелі Ормуз бұғазының қауіпсіздігі халықаралық трансаймақ ретінде аса маңызды екенін, сондықтан аталған су айдынындағы кез-келген тәртіпсіздікке жол бермейтінін ескертті. АҚШ пен Иран қатынасының шиеленісуіне байланысты халықаралық аса маңызды мұнай тасымал жолы саналатын Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазының қауіпсіздігі Шығыс-Батыс елдерін алаңдатты. Шығанақта белсенділік танытқан АҚШ, Иран және Сауд Арабиясының күштері қақтығыс қаупін де күшейтуде. Бұдан бұрын аталған су алабында және оған жақын теңіздерде мұнай тасымал кемелеріне шабуылдар жасалған болатын.
Дереккөз: qazaqtimes.com