Гонконг дағдарысы күрделі кезеңге өтті. Гонконг дағдарысында "Ақпараттық соғыстың" да белең алғаны туралы хабарлар таралуда. Twitter "Гонконгтағы жағдайды ушықтыруға бағытталған" деген айыппен мыңға жуық аккаунтты жауып тастады.
"Твиттер" сондай-ақ, неше жүздеген аккаунтқа шектеу қойып, ресми БАҚ-тың жарнамасын жасады деп сынға алды. Әлеуметтік желіні басқарушы тарап бұл аккаунттар Қытай билігімен жасырын байланысы бар деп қарайды.
"Твиттердің" мәлімдеуінше, бұл аккаунттар соңғы күндері Гонконгтағы ереуілшілерге қарсы белсенді ақпараттық шабуылға өткен.
Twitter мәлімдемесінде: "Бұл аккаунттар Гонконгтағы саяси жанжалды күшейтіп, наразылық ереуілдерінің заңдылығына күмәнді күшейтуге бағытталған. Бұл үкімет жағынан қолдау көрсетілген, мақсатты операцияға ұқсас екеніне біздің дәлелдеріміз бар", –делінген.
Қытайдың құрлықтық территориясында Twitter, Facebook қатарлы әлеуметтік желілерге тыйым салынған. Ал, бұл әлеуметтік желілердің қытайлық баламалары бар. Соған қарамастан көптеген адамдар VPN арқылы аталған шетелдік әлеуметтік желілерді пайдаланады. Қытай билігіне қарсы наразылық білдірген әлеуметтік желі "Твиттер" ғана емес.
Бұдан бұрын "Телеграм" да өзінің IP деректеріне шабулы жасалғанын мәлімдеген еді. Bloomberg таратқан мәліметке қарағанда, "Телеграм" осы жаз айларында Гонконгта ең көп жазып алынған (түсірілген) әлеуметтік желі болған. Оны Қытай билігі толығымен шектеген. Алайда, қолданушылар VPN көмегімен пайдаланып келеді.
Ал, қазір аталған әлеуметтік желілер Қытай билігі шын және жалған аккаунттар арқылы Гонконгтағы саяси жағдайға араласып отыр деп айыптауда. Жүздеген аккаунт әлеуметтік желіде наразылық шерулерін айыптап толассыз мәлімдемелер жасауы әрине Гонконгтағы қоғамдық пікірдің екіге жарылуын, оның соңы саяси жағдайдың тіпті де қиындай түсуіне апарып соғуы бек мүмкін.
Дереккөз: “The Qazaq Times”