Франция президенті Эммануель Макрон Брегансон айлағындағы жазғы резиденциясында Ресей басшысы Владимир Путинді қабылдады. Келіссөздерде қаузалған басты тақырыптар – екіжақты қарым-қатынастың дамуы, Сириядағы жағдайдың тұрақталуы, Иранның ядролық бағдарламасы. РИА Новости ақпарына сәйкес, келіссөздер 3,5 сағатқа созылған.
Өз сөзінде Макрон Путинмен Сібірдегі өрт пен мұздықтардың еруін талқылап, климаттың өзгеруіне қарсы ортақ күреске бейілдік танытқанын атап өтті. Ал Ресей президенті Владимир Путин Украина жайын сөз етті. Путин Макронға Украинаның жаңа сайланған президентімен өзара диалогы барын айтқан. Француз басшысы Мәскеу қалалық думасындағы сайлауда тәуелсіз кандидаттарды қолдау мақсатында жүздеген манифестант тұтқындалған өткен шерулерді де назардан тыс қалдырмады. «Ресей – Еуропаның мемлекеті. Сол себепті, еуропалық құндылықтарда лайықты орны бар. Жазда біз Ресейді жиналыс және сөз еркіндігін құрметтеуге шақырдық. Осы тұрғыда Ресей делегациясы Еуропа Кеңесі бас хатшыларының сайлауына қатыса алды. Мен еуропалық Ресейге сенім артамын», – деді Эммануель Макрон. Келіссөздер Францияның Биарицца қаласында өтетін «Алпауыт жетіліктің» саммитінен бірнеше күн бұрын өтуде. Украинадағы кикілжің салдарынан саммитке Владимир Путин шақырылмаған болатын.
Дереккөз: Aikyn.kz