Атырау, 27 қараша 12:55
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Малайзиялық экс-премьерге қатысты сот дүйсенбіге қалдырылды

2 889 просмотра


Бүгін малайзиялық сот Мемлекеттік қордағы мульти-миллиардтаған қаржыны жымқыру, аса ірі көлемдегі алаяқтық ісіне байланысты және күдікті ретінде бұрынғы премьер-министр Наджиб Разақтың қатысуымен атышулы 1MDB (1Malaysia Development Berhad) жобасы бойынша бес сот процесінің ең маңызды бөлігін келесі аптаға қалдырды. 

Өткен жылы жалпыхалықтық сайлауда жеңілген Наджибқа 1MDB ісі, парақорлық және мемлекет қаражатын жылыстатпақ болғаны үшін 42 қылмыстық айыптау тағылған. Ал Наджиб өзінің кінәсіз екенін, істің қозғалуында саяси астар барын айтады. Куала-Лумпур Жоғарғы Сотының судьясы «1MDB SRC International бөлімшесінің айналасындағы мәселелердің қорытындысы» аяқталуға жақын екенін, құжат қолға тигенше уақыт беру мақсатында тыңдауды келесі дүйсенбіге қалдырғанын мәлімдеді. "Егер сіздерге көп уақыт қажет болса, мен істі тоқтата тұруға не бас тартуға дайынмын ...бірақ біз келесі дүйсенбі жалғастырамыз әрі осы бейсенбі тағы да тексереміз", –  деді судья Коллин Лоуренс Секера. 

Reuters агенттігінің дерегіне қарағанда, 2009 жылы Наджибке қатысты орын алған қылмыс ретінде танылған 1MDB ісі кем дегенде алты елде зерттелуде. АҚШ-тың Әділет министрлігі ел қорынан заңсыз $ 4,5 млрд-қа жуық қаражат жымқырлғандығын растаған. Енді елден шықпау жөнінде міндеттеме алған Наджиб алдағы сот процесі барысында ақшаларды жылыстатқаны үшін 21 айыптау мен 2011-2014 жылдар аралығында билігін теріс пайдалану арқылы 2,3 млрд риңгитке ($550,8 млн) жуық заңсыз аударым жасағаны үшін жауап беруі тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Малайзия премьер-министрі қызметіндегі Наджиб Разақ Қытай инвестор ретінде қатысқан 1Malaysia Development Berhad (1MDB) ауқымды жобасынан 2,67 млрд риңгит ($550,8 млн) көлеміндегі қаражатты жеке есепшотына аударып, қолды қылған деген күдікке ілінген болатын. Бұл оқиға Малайзия жұртшылығының сынына ұшырап, ел азаматтары Наджиб Разақтың (2009-2018 ж.ж.) отставкасын талап еткен еді. Осыдан кейін Малайзияны дамыған елдер санатына қосқан, 1981-2003 ж.ж. аралығында 5 рет сайланып, «Ел әкесі» бейресми лақап атына ие болған Махатхир Мұхаммед қарттығына қарамастан, азаматтық қоғамның сұрау-даусымен 2018 жылы 9 мамырдағы Жалпыхалықтық сайлауға қатысып, премьер-министр орнына келген. 

Аталмыш ұзақ мерзімді іске қатысты саяси көшбасшы Әнуар Ибрагим тергеу-іздестіру амалдарын жылдам аяқтауды талап етіп, бұл оқиғаның Малайзия үшін сенім дағдарысын тудыратынын айтты. Қазіргі премьер-министр Махатхир Мұхаммед 1MDB мен Раджабқа қарсы айғақтардың жеткіліктігін алға тартуда. Бұған дейін Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разақпен екіжақты қатынастарды нығайту-тереңдету   келіссөздерін жүргізу бойынша бірнеше рет (2012, 2014, 2015 ж.) ресми кездескен.

Малайзия экс-премьер-министрі Наджиб Тун Разақ қазақ күйеу баласы мен қызынан туған Адам Разақ жиені туралы твиттер парақшасында бөліскен хабары. 24 тамыз 2017 жыл. Фото:@NajibRazak твиттер парақшасынан скриншот

Сонымен қатар Наджиб Разақтың тұңғыш күйеу баласы мен жиені де қазақ. Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Майра Құрманғаливадан туған Данияр Кесикбаев пен Нуриана Разаққызы АҚШ-та оқуда жүргенде танысып, 2015 жылдың 19 наурызында үйленген еді.  Той екі елде де: Путраджая мен Алматыда атап  өтілген. 2017 жылы жиенінің дүниеге келгенін сүйіншілеп бөліскен экс-премьер Наджиб Тун Разақ есімін Адам Разақ деп қойғандарын жариялаған еді. Малайзия экс-премьер-министрі Наджиб Тун Разақ қазақ күйеу баласы мен қызынан туған Адам Разақ жиені туралы твиттер парақшасында бөліскен хабары.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

 

19 тамыз 2019, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.