Атырау, 27 қараша 12:47
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Зерттеушілер Донбасстағы соғысқа Ресейдің қатысы жайлы жаңа дәлел барын айтады

2 689 просмотра


Лондонда орналасқан Forensic Architecture цифрлық криминалистика агенттігі 2014 жылғы тамыз-қыркүйек аралығында Донбасстағы Иловайск қаласы үшін болған шайқасқа Ресей қарулы күштерінің қатысқанын дәлелдейтін мол дерек жинағаны туралы мәлімдеді. Иловайскте осыдан бес жыл бұрын болған шайқаста Украина үкімет күштері өзінен басым түскен ресейлік әскерилер мен сепаратистерден жеңіліп қалған.

Forensic Architecture агенттігі машинаның көмегімен есептеу және нысандарды анықтау нәтижесінде, "шайқас алаңында ресейлік әскер мен техниканың қатысқанын дәлелдейтін толық мәлімет" жинағанын айтады.

Ресей Украинаның шығысында 2014 жылы сәуірде басталған және содан бері 13 мыңнан астам адамның ажалына себеп болған қарулы жанжалға қатысы барын жоққа шығарып келеді. Мәскеу 2014 жылдың наурызында Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алғаннан кейін Украинаның шығысындағы сепаратистерді жаттықтырып, керек-жарақпен қамтамасыз етуге және сол аймақтағы шайқастарға қатысы барын бірнеше мәрте терістеген.

Forensic Architecture тобын Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотындағы Ресейге қарсы процесте украин еріктілеріне көмектесу үшін 2018 жылы қыркүйекте британдық Еуропалық адам құқығын қорғау орталығы (EHRAC) жалдаған деп хабарлады 18 тамызда Guardian басылымы. EHRAC-ның топты жалдағаны жайлы баспасөз хабарламасында "украиналық еріктілер батальонының 29 мүшесін... ресейлік қарулы күштер қоршауға алып, тұтқындағаннан кейін "сепаратистерге" бергені" туралы айтылған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

19 тамыз 2019, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.