Атырау, 26 сәуір 15:00
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қалташадағы марихуана

3 152 просмотра


13 тамызда УГ-157/9 (ерлер түзету колониясы) мекемесінде сәлем-сауқаттарды тексеру кезінде бір реттік қолдануға арналған шәй пакеттерінің ішінен марихуана табылды.

- Сәлем-сауқат Ақтау қаласынан келген болатын. Шәй пакеттерінің ішіндегі шәйді төгіп, орнына марихуана салып, қайтадан қорабын жабыстырып қойған. Анықталғандай, марихуана сотталған А.Ж. және В.Г. есімді азаматтарға жолданған. Мекеме қызметкерлері Атырау облыстық Полиция Департаментінің жедел тергеу тобын шақыртып, айғақ заттар сараптамаға жіберілді, - деп хабарлады мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы Ернұр МҰСАЕВ.

Сараптама жасалғаннан кейін, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталады.

Фархат ӘБІЛОВ

16 тамыз 2019, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.