Атырау, 14 наурыз 18:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Сүйіндікте карантин тоқтатылды

3 839 рет қаралды


13 тамызда Қазақстанның ветеринариялық қызметі Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылында қойлардың шешек ауруын жою және карантинді алып тастау жөнінде ветеринариялық-карантиндік шаралар кешенінің аяқталғанын хабарлады.

Құрманғазы ауданында шешек ауруы маусымның ортасында белең алды. Ветеринариялық қызмет ауруды жою үшін бірқатар ветеринариялық-карантиндік шаралар жүргізді: карантин, жануарларды вакцинациялау, мал қораларды, жабдықтарды, қашалар мен алаңдарды дезинфекциялау енгізілді, - делінген хабарламада.

12 тамызда карантин алынып тасталды. Атырау облысы бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау департаментінің мәліметі бойынша, ауру тараған кезде 2 мыңға жуық қой мен ешкі, көбінесе жас төлдер қырылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 тамыз 2019, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.