Атырау, 29 наурыз 13:55
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ұмытпаңыз: сізді камера түсіріп тұр

3 658 просмотра
Көрнекі сурет
8 тамыз 25 жастағы Нұрбақыттың есінде ұзақ қалатын шығар. Бұл күні ұзатылар алдында қызға «Сырға салу» жоралғысы болатын еді. Ол той салтанатына киетін көйлекті жалға беретін жердің бәрін шарлап шықты. Бет әрлеу мен шаш сәндеу үшін салонға да барып үлгеруі керек. Шебер босағанша, күте тұруға тура келді. Бірақ сол кезде таксиге заттарын ұмытып кеткені есіне түсті. Көшеге жүгіріп шықса, таксидің ізі де жоқ.

- Маған басқа көйлекті жалға алуға тура келді, көйлекке тағатын әшекей бұйымдарымды да ауыстырдым. Семейдің жігітіне тұрмысқа шығайын деп жатқандықтан, жеке куәліксіз жолға шығу мүмкін еместігін білдім. Ал құжатым такси ішінде қалған еді. Сөйтіп полицияға жүгіндім, - дейді Нұрбақыт.

Сұлулық салоны маңында орнатылған Атырау қалалық ПБ ЖБО бақылау камераларындағы жазбалардың көмегімен полицейлер көлік пен такси жүргізушісін анықтаған. Кеше такси жүргізуші қызға заттар салынған сөмкені қайтарып беріпті.

Жыл басынан бері Атырау қ. ПБ жедел басқару орталығының көмегімен 48 қылмыс және 19 483 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Фархат ӘБІЛОВ
15 тамыз 2019, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.