Атырау, 24 қараша 11:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Депутат тұрғындарды қолдады

2 992 просмотра


14 тамызда Атырау қаласы мәслихатының тұрақты депутаттық комиссиясының отырысында депутат Қанат ӘЗМҰХАНОВ жеке сектор тұрғындарына ауладан орылған шөптерді қоқыс контейнерлеріне тастағаны үшін айыппұл салатын қала полициясының әрекетін сынға алды.

- Айыппұл саламыз деп жаңа ғана өздеріңіз айттыңыздар. Бұған тұрғындар шағымданады. Сіздер заңсыз әрекет етіп отырсыздар, - деп мәлімдеді депутат шөптің қалалық маслихат бекіткен «Тұрмыстық қатты қалдықтардың тізіміне» енбейтіндігіне сілтеп.

«Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас ІЗТІЛЕУОВ депутатпен келісіп, автобаза жұмысшылары тұрғындар тастаған шөптерді шығарудан бас тартпайтынын, тек оны қоқыс контейнерлеріне тастамау керектігін, өйткені, басқа қоқыстар үшін орын қалмайтынын айтты.

- Шөптерді контейнер алаңдарының жанына қою керек, сол жерден аламыз, - деді «Арнаулы автобаза» басшысы.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 тамыз 2019, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.