Атырау, 29 наурыз 11:58
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Уральские авиалиний" ұшағы апатты жағдайда жүгері алқабына қонды

2 365 просмотра


Мәскеуден Симферопольге ұшып шыққан "Уральские авиалиний" компаниясының Airbus A321 ұшағы Мәскеу түбіндегі жүгері алқабына апатты жағдайда қонды. Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ моторына құстар кіріп кеткен. Осыдан кейін моторлардың бірінде өрт шыққан.

 Ұшақ бортында 234 адам болған. Олардың жетеуі – экипаж мүшесі. Алдын ала ақпарат бойынша, он адам (үшеуі – бала) зардап шегіп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Жолаушылар үрленген траппен эвакуация жасалған. Ұшақ Мәскеуден аннексияланған Қырымдағы Жуковский әуежайына ұшып шыққан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

15 тамыз 2019, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.