Атырау, 20 сәуір 17:57
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Bloomberg: Facebook қолданушылардың аудио хабарламаларын оқып келген

1 994 просмотра


Facebook ұзақ уақыт бойы қолданушылардың аудио хабарламаларын оқу үшін басқа компанияларға ақша төлеп келген. Бұл мәліметті аудиошифрларды ашу ісімен айналысқан Facebook қызметкері Bloomberg агенттігіне айтқан.

Facebook басшылығы бұл ақпаратты растады. Бірақ өткен аптадан бері бұл жоба тоқтап қалған. Компания басшылығы бұл шараға баруға "мәжбүр болғанын" айтқан. Олардың сөзінше, аудио жазбаларды оқумен жасанды интеллект айналысып келген.

Осыған дейін Facebook компаниясын қолданушылар мәліметін құпия жинақтап, оларды сатады деп айыптап келген. Осы айыптаулар негізінде Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг былтыр сәуір айында АҚШ конгресі алдында жауап берген.

Ол сол кезде "Facebook сіздің микрофоныңыздың не айтқанын тыңдамайды, бұл мәліметтерді жарнама үшін пайдаланбайды" деген.

Өткен айда Siri, Google Assistant және Alexa сияқты "ақылды колонкаларды” шығарған Apple, Amazon және Alphabet компаниялары да қолданушылардың аудио хабарламаларын жазып келгені анықталған.

Осыған дейін АҚШ Федералдық соты Facebook компаниясын әлеуметтік желі қолданушылардың биометрикалық мәліметтерін рұқсатсыз жинап, сақтағаны үшін айыптаған. Facebook бұл үшін 5 миллиард доллар айыппұл төлеуге міндеттелді. Өткен аптада АҚШ-тың апелляциялық соты Facebook шағымын қанағаттандырмады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

15 тамыз 2019, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.