Атырау облысының Статистика департаментінің мәліметінше, 2019 жылдың 1 шілдесінде өңірдегі халық саны 639 мың 211 адам болған. Оның 331 мыңнан астамы қалалық жерлерде, 308 мыңға жуығы ауылдық жерлерде тұрады.
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында халық өсімі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, шамамен 4% -ға төмендеді.
Туу саны 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3% немесе 190 адамға азайды.
Осы кезеңде тіркелген өлім саны 2,7% -ға өскен.
Бір жасқа дейінгі балалардың өлімі 12,5% артты.
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 жастан 5 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны 20-ға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3% -ға көп.
Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА