Атырау, 24 қараша 12:34
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қателіктерді түзейміз

3 020 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет
Атырау қалалық мәслихатының «Атырау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көліктерде жол жүру ақысына жеңілдіктер ұсыну туралы» шешімінің жобасы жарияланды. Зейнеткерлердің жеңілдік алушылар тобына кірмейтіндігі қала тұрғындарын таң қалдырды.

Халық қалаулылары ҰОС-на қатысушыларға, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға қалалық қоғамдық көліктерде ақысыз жол жүруді, сондай-ақ, орта мектеп оқушыларына күніне 2 рет, колледж, кәсіптік лицейлер, жоғары оқу орындарының студенттеріне де күніне 2 рет, мүгедектер мен 4 және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға тариф құнынан 50% жеңілдік беру ұсынды. Бірақ зейнеткерлер бұл тізімде болмай шықты. Біз түсініктеме алу үшін қалалық мәслихат өкілдеріне жүгінген едік.

- Бұл тек жоба, ол мәслихат қарауына 12 тамызда түсті, құжат сессияның қарауына әлі ұсынылған жоқ. Жоба бастамашысы «Смарт Атырау» ЖШС құжатты халықтың талқылауына ұсынды. Ол әзірленіп біткеннен кейін, соңғы нұсқасы мәслихат сессиясының қарауына жіберіледі, - дейді қалалық мәслихат аппаратының жетекшісі Аман ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ.

- Бұл жағдайда жоба бастамашылары тарапынан техникалық қателік кеткен. 1.2 және 2.3-тармақтарда мүгедектер екі рет көрсетілген, ал зейнеткерлер туралы айтылмаған. Бұл қателер түзетіледі, - деп мәлімдеді қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Ғабиден ҚАНАТОВ.

Шынымен де, біз депутаттарға қоңырау шалғаннан кейін жоба мәтіні өзгертіліп, зейнеткерлер жеңілдік алушылар тізіміне енгізілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 тамыз 2019, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.