Палатаның баспасөз қызметі аталған бизнес-жобаның қажеттілігі скрининг нәтижелері бойынша анықталғанын атап өтті.
Кәсіпкер көкөністерді тазарту, турау және вакуумдеп орау жабдығын Италиядан сатып алған. Осы апта ішінде цехты жабдықтау бойынша жұмыстарды аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
- Біз ауылшаруашылық өнімдерін жергілікті шаруа қожалықтары мен үй шаруашылығынан сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл оларға өз өнімдерінің үздіксіз сатылуын қамтамасыз етеді. Яғни, оларға облыс орталығына барып, сауда орындарын жалға алудың, сатушыға жалақы төлеудің қажеті болмайды. Біздің дайын өнімдерімізді тұтынушылар - кафелер мен мейрамханалар, мектептер, балабақшалар, профилакториялар мен шипажайлар, супермаркеттер, бөлшек сауда дүкендері, сондай-ақ біздің өнімдерді еттен жасалған жартылай фабрикаттар өндіру үшін және өз қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз ету үшін пайдаланатын компаниялар.
Орташа жүктеме кезінде кәсіпорынның жоспарланған жобалық қуаты - айына 6 тонна өнім болады, болашақта оны көбейтеміз. Бастапқы кезеңде жергілікті тұрғындардан 3 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз - деді «Ақбаян» ЖК өкілі Гүлмира ЖҰМАҒАЛИЕВА.
Бастапқыда сөрелерге картоп, сәбіз, қызылша, содан кейін басқа көкөністер шығарылады.
Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік СӘРСЕКЕНОВ бұл жобаның біздің өңір үшін бірегейлігін атап өтті. Себебі бүгінгі күнге дейін облыста тамырлы жемістерді өңдеп, вакуумға орайтын өндіріс болған жоқ. Бұл жер де кездейсоқ таңдалмады. Өйткені Махамбет ауданы ауылшаруашылық бағытында дамып жатқан аудан.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі ұсынған сурет