Атырау, 24 қараша 12:39
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астрахань трассасы: №7 разъезден Котяевкаға дейін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Сурет
3 967 просмотра


Атырау - Астрахань жолын қайта жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр, жұмыс кестесі сақтала ма, қашан аяқталады, бұл туралы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Серік КЕРІМҚҰЛОВТАН сұраған едік.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары 2 жерде жүргізілуде. Біріншісі - ұзындығы 20 км (жолдың 833-853 км-і), екіншісі 40 км (853-893 км). Ұзындығы 20 км болатын бірінші учаске - №7 разъезден Ганюшкино ауылына дейін, ал 40 шақырымдық учаске – Ганюшкинодан бастап Ресей шекарасына дейін. Серік Керімқұловтың айтуынша, 833-853-ші шақырымдық учаскедегі жұмыстар 2020 жылдың аяғында, ал екінші учаскедегі жұмыстар 2021 жылдың шілдесінде толықтай аяқталуы тиіс.

- Жұмыстың жалпы көлемі 22 млрд теңге болады, оның 7 млрд теңгесі осы жылға бөлінді. Жұмыстар жоспар бойынша жүріп жатыр. Қазір топырақ төгу жұмыстары жүргізілуде, 900 мың текше метр топырақ төгілді. Жол қызметкерлері газ құбырлары мен су жүргізу құбырларын төсеу жұмыстарын аяқтады. 15 құбырды жүргізу жоспарланған болатын, бірақ біз 21-ін орнаттық. Биыл 23 км жол асфальттың төменгі қабатымен жабылады. Бұл жұмыстар басталып кетті, үстіңгі қабатын келесі жылы жабамыз, - деді ол.

Қазір жол құрылысында 260 адам жұмыс істейді, олардың 10-ы - шетелдік мамандар, инженерлер, есепшілер. Қалған 250 адам - қазақстандықтар. 180-ге жуық техника жұмылдырылған. Сағатына 240 тонна асфальт шығаратын 1 асфальт зауыты жұмыс істейді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді түсірген автор

12 тамыз 2019, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.