Атырауда мемлекеттен кезексіз жер телімін алып беруге көмектесемін деп, алаяқтық жолмен ақша тапқан «жарылқаушы» ұсталды.
Облыс прокурорының аға көмекшісінің м. а. Дәулет АЙМАҒАМБЕТОВТІҢ мәлімдеуінше, қалалық полиция басқармасы азаматша С.А.-ға қатысты бірнеше рет алаяқтық және ұрлық қылмысын жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған. Атырау облысының прокуроры Х.Дауешовтың нұсқауымен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Алаяқтықтың мұндай түрі мемлекеттік органдардағы жаппай және айқын сыбайлас жемқорлық жағдайында ғана мүмкін болатыны анық.
2018 жылы мемлекеттік органдардағы 69 адамға, 2019 жылы 23 тұлғаға қатысты алаяқтық қылмыс жасағандары үшін сот үкімі шықты. Қазіргі уақытта 114 тұлғаға қатысты 733 қылмыстық іс тергелуде. Айталық, қала тұрғындарының арызы негізінде қалалық полиция басқармасы «EcoClinic» ЖШС-нің басшыларына қатысты косметология қызметі жөнінде шартты орындамау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА