Атырау, 24 қараша 13:01
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Заңсыз жұмыс жасағандар көп қабатты үй салған

Бейнежазба
3 676 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр


«Қауіпсіз аула» жедел алдын алу шарасы кезінде Әбілқайырхан даңғылы бойындағы құрылыс алаңының бірінен  заңсыз жұмыс жасап жүрген 24 жұмысшы анықталды.

Полицейлердің тексеру нәтижесінде гастарбайтерлердің тиісті рұқсатсыз жұмыс жасағандары белгілі болды. Құжаттарының жоқтығына қарамастан, құрылыс салушы 8 қабатты үй құрылысына Өзбекстан азаматтарын жұмысқа тартқан. Материал сотқа жолданды. Енді жеке кәсіпкер 101 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.

Жалпы, «Қауіпсіз аула» шарасы барысында Атырау облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері 67 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.



Зульфия ИСКАЛИЕВА

ПД баспасөз қызметі ұсынған бейнежазба

9 тамыз 2019, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.