Атырау, 24 қараша 12:28
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Айырмашылық сезіле ме?

3 311 просмотра


Атырау облысының Табиғи монополияларды реттеу департаменті 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жергілікті филиалының желілері арқылы табиғи газды тасымалдағаны үшін бір жыл мерзімге уақытша өтемақы тарифін енгізу туралы бұйрық шығарды. Әңгіме тарифтің әр мың текше метр үшін бар-жоғы 26 тиынға - 1769,42-ден 1769,16 теңгеге дейін төмендегені туралы болып отыр.

Монополист өтеуге міндетті сома мардымсыз - 168 мың теңге. Бұл кәсіпорынның тарифтік сметасына енгізілген және тұтынылған су мен жылу үшін есептелген нақты төлеген сомалар арасындағы айырмашылық. Бұл айырмашылық газ қызметкерлерінің уәкілетті органға тапсыратын жарты жылдық есебі барысында анықталды.

Түпкілікті тұтынушылар үшін табиғи газ тарифі не болады?

Табиғи монополияларды реттеу департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Жанар ДӘРІБАЕВА жауап береді: «Қандай мардымсыз мөлшерде болса да, оны тұтынушыларға қайтаруға тиіспіз. Біз бұйрық шығардық. Енді тұтынушыларға арналған тарифті бекіту Табиғи монополияларды реттеу комитетінде қаралатын болады».

Сонымен қатар, Ж.Дәрібаеваның айтуынша, тарифтік сметаны сақтамағаны үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалына 6 миллион 20 мың теңге айыппұл салынды. Ақша мемлекеттік бюджетке өндіріліп алынады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

8 тамыз 2019, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.