Атырау, 24 қараша 12:36
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысының мемлекеттік инспекторлары қызметкерлерге олардың құқықтарын түсіндірді

2 760 просмотра
Көрнекі сурет

Атырау облысында «Реформ строй» ЖШС-нің 176 қызметкері келісім-шарт мерзімі аяқталғасын жұмыссыз қалды. Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров хабардар қылғандай, бұл жерде еңбек заңнамасын бұзушылық болған жоқ.  

- «Реформ строй» ЖШС-і контракт бойынша «ССЕР» компаниясы үшін монтаждық жұмыстарды атқарған болатын. Контракт 2018 жылдың наурыз айынан бастап жасалған. Жұмыстардың белгілі бір түрлері аяқталғасын, жасалған еңбек келісім-шарттары тоқтатылады. Компанияның қызметкерлері бізге келіп, оларға түсінік берілді, - деді Игілік Әубәкіров.

ҚР Еңбек кодексінің 30 және 51 баптарына сәйкес, жұмыстардың аяқталу датасы еңбек келісім-шартының біту мерзімі болып табылады. Ал, келісім-шарттың өзі белгілі бір жұмыстардың орындалу мерзіміне жасалады. «Реформ строй» ЖШС осылай жасаған. Барлық жұмыстар сәуір айының басында аяқталғанына қарамастан, қызметкерлер маусым айында жалақыларын алды. Бұдан бөлек, шілдеде жұмыстар жүргізілмегеніне қарамастан, қызметкерлерге осы айға жалақы 100% төленеді, сондай-ақ, 2019 жылдың тамыз айының 4 күні үшін жалақы беріледі.

- Айта кетейін, бұл жерде ешқандай еңбек заңнамасын бұзушылық болған жоқ. Бұл нарықтық қатынастар. Ешкім ешкімді қысқартып немесе жұмыстан шығарған жоқ. Жұмыс орындалған соң, еңбек келісім-шартының қолданысы аяқталады,    - деп атап өтті Игілік Әубәкіров.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

7 тамыз 2019, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.