Атырау, 27 қараша 14:37
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жапония халқы Хиросима құрбандарын еске алуда

1 888 просмотра


Жапония халқы ядролық жарылыс құрбандарын еске алуда, деп хабарлайды foreignpolicy. 

Еске алу күнінде қаза тапқандарға гүл қойылып, Жапонияның мемлекеттік қызметкерлерінен бастап жергілікті тұрғындарына дейін құрбандар рухына тағзым етті. 

Ел премьер-министрі Синдзо Абэ: «Соғыс кезінде атомдық жарылысты бастан өткізген жалғыз ел ретінде әлемді ядролық қарудан азат ету жолында еңбек етіп келеміз. Мемлекеттің миссиясы да осы. Жаңа Рэйва дәуірінде әлемді бейбіт әрі қауіпсіз етуіміз керек», – деп мәлімдеді. 

Жер бетінде әлі де 14 мың снарядтық жарылғыш заттың барын атап өткен Синдзо Абэ өзге елдерді ядролық алпауыттармен келіссөздер жүргізуге шақырды. Осыдан 74 жыл бұрын полковник Пол Тиббетс Хиросимаға жарылғыш тастап, шаһар жер бетінен үшті-күйлі жойылған. Мәліметтер бойынша, сол уақытта жарылыс салдарынан Хиросиманың 70-80 мыңдай тұрғыны қаза тапқан. Ал жыл соңына қарай ажал құшқандардың саны 140 мыңға жетті.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

7 тамыз 2019, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.