НАТО бас хатшысы Йенс Столенберг альянсқа төніп тұрған қауіптер жөнінде айтты. Столенбергтің сөзінше, НАТО-ға төніп тұрған басты қауіптердің бірі державалар арасындағы жаппай қарулану жарысы, терроризм және кибершабуыл.
«НАТО-ға төніп тұрған қауіптердің алғашқы қатарында Ресей мен Қытайдың әскери қуатын арттыруы тұр. Ресейдің қару-жарақ қарқынын арттыруы қалыптасқан жаһандық тәртіпті бұзады және әлемдік көшбасшылыққа тартысты күшейтеді» - деп мәлімдеді НАТО басшысы. Халықаралық сарапшылар пікірінше, соңғы жылдары әлемдік державалар арасында жаппай қарулану жарысы жүруде және әлемді қайта бөліске салу науқаны басталуда. Осыған орай АҚШ, Ресей, Қытай және Батыс елдерінің қарым-қатынасы жыл өткен сайын нашарлауда. Естеріңізге салайық, тамыз айының 2-і күні АҚШ пен Ресей арасындағы «алыс және қысқа қашықтықтағы зымыран» келісімі күшін жойған. Бұл да державалар қарым-қатынасының тығырыққа тірелгенінің бір көрінісі.
Дереккөз: qazaqtimes.com