Атырау, 27 қараша 14:58
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресейде қару-жарақ қоймасы жарылды: Зардап шеккендердің саны белгілі болды

2 232 просмотра


Ресейдегі қару-жарақ қоймасы жарылып, одан зардап шеккендердің саны артып жатыр, деп хабарлайды "RT на русском". 

Осымен тоғызыншы адам ауруханаға жеткізіліпті. РИА Новости мәліметінше, бес адам дәрігерлерге қаралғаннан кейін амбулаторлық ем қабылдауға үйіне жіберіліпті. Ауруханаға жеткізілгендердің екеуі әскери, ал біреуі өртсөндіруші.  RT мәліметінше, тағы бір адам бейбіт тұрғын. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.  

Мәскеу уақытымен 21.48-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 0.48-де) өрт сөндіру қызметінің тағы бір қызметкері ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы орташа ауыр деп саналады.  Еске салайық, кеше, 5 тамызда Краснояр өлкесіндегі оқ-дәрілері бар әскери қоймалар жанып, жарылыс болған. Жергілікті билік Ачинск ауданындағы маңайдағы ауылдарды көшіре бастағаны хабарланған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, қоймаларда миналар мен зениттік патрондар сақталған. Еске салайық, Арыс қаласында биыл 24 маусымда әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жарылыс болып, төрт адам қаза тапқан, тағы 90-ға жуық адам зардап шеккен еді. Сол сәтте қала толық эвакуацияланып, тұрғындар төрт күннен соң үйлеріне оралған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

6 тамыз 2019, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.