АҚШ-тың Мексикаға шекаралас жатқан Эль-Пасо қаласындағы «Уолмарт» сауда орталығында атыс ашқан қаскөй өлім жазасына кесілуі мүмкін. Бұл туралы жергілікті телеарналар округтің прокуратурасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Естеріңізге салайық, 3-тамызда болған қанды оқиғадан 20 адам қаза тапты. Олардың арасында екі бала бар. Тағы 26 тұрғын жарақат алды.
Белгілі болғандай, адамдарға бей-берекет оқ жаудырған 21 жастағы Патрик Крузиус есімді жігіт болып шықты.
Сондай-ақ қаскөйдің жақында әлеуметтік желіде биыл Жаңа Зеландиядағы мешітке жасалған шабуылды қолдап, мәлімдеме жасағаны анықталды. Тергеу ісі жүріп жатыр.
Дереккөз: 24.kz