Атырау, 27 қараша 14:44
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ-та тағы да атыс болды

2 260 просмотра


АҚШ-тың Огайо штатындағы Дейтон қаласында атыс болып, салдарынан он адам қаза тапты, тағы 16 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Америкалық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, шабуыл жасаған екі адам болған. Олардың бірі атыс салдарынан қайтыс болды. Бастапқыда жеті адам қаза тапқаны белгілі болған, кейін олардың саны онға жетті.

"Оқ атқан адам қаза тапты. Тағы тоғыз адам қайтыс болды. Тағы кем дегенде 16 адам жарақаттарымен ауруханаларға барды", - деп хабарлады Дейтон полициясы Twitter желісінде. Оқиға болған жерде полицейлер мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы әлі белгісіз. Куәгерлер оқиға орнынан видеолар жүктеп жатыр. Бұл бір тәулік ішінде АҚШ-та болған екінші төтенше жағдай. Бірінші атыс 3 тамызда Техас штатындағы Эль Пасо қаласының сауда орталығында болды. Атыс салдарынан 20 адам қаза тапты. Оқ атқан 21 жастағы ер адам болып шықты, ол тәртіп сақшыларына өзі берілді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 тамыз 2019, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.