Атырау, 27 қараша 15:31
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өзбекстан талаптарды орындамаса, Кәрімова активтері қайтарылмайды

3 104 просмотра


Өзбекстан талаптарды орындамаса, Швейцария Гүлнара Кәрімова активтерін қайтармайды. Шілде айының 27-і күні Швейцариядағы Өзбекстан журналисі Әлішер Таксанов сыртқы істер министрлігіне Гүлнара Кәрімоваға тиесілі қаржы активтерін елге қайтаруға қатысты ашық хат жолдады. 

Онда ол бұғатталған активтердің қайда екендігін және қандай келісім бойынша қайтарылатындығын сұраған. 29 шілде күні Швейцария СІМ журналист сауалына жауап берді. Ведомства жариялаған құжат бойынша, Гүлнара Кәрімова активтері Өзбекстанға заңдық процедуралар аяқталғаннан кейін қайтарылады. Оның өзінде ресми Ташкент қаржы халық пен мемлекет игілігіне жұмсалатынына кепілдік беруі тиіс. 

«Заңсыз жолмен келген активтер Швейцария аумағында жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін қайтарылады. 2012 жылы Федералды прокуратура Гүлнара Кәрімоваға тиесілі 800 миллион Швейцария франкін бұғаттаған. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр... Бір жыл бұрын Федералды кеңес Өзбекстанға бұғатталған қаржыны толықтай қайтаруға байланысты шешім шығарған. Тиісті органдармен жүргізілген жұмыстардан кейін екі келісім қабылданады. Біріншісі, активтерді Өзбекстанға толықтай қайтару принциптерін анықтау. Екіншісі, қаржыны қайтару жолдарын бақылау. Бұның барлығы активтерді ашық әрі таза жолмен халық пен мемлекеттің дамуына жұмсалатындығына көз жеткізу мақсатында іске асып жатқан процедуралар» - делінген СІМ таратқан мәлімдемеде. 

Гүлнара Кәрімованың үстінен қылмыстық іс 2015 жылы қозғалған. Дәл осы жылы Ташкент қалалық соты оны "аса ірі көлемде қаржы жымқыру", "бопсалау", "салықтан жалтару" айыптары бойынша кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырған. 2017 жылы шілдеде Өзбекстан Бас прокуратурасы Гүлнара Кәрімованың үстінен тағы бірнеше қылмыс бойынша іс қозғалғандығын мәлімдеді. Өзбекстан ресми органдарының мәлімдемесінен кейін оған тиесілі әлемнің 12 еліндегі банк шоттары мен жылжымайтын мүліктері бұғатталған. Кәрімоваға қарсы екі қылмыстық іс бойынша мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 2 млрд доллар.

Дереккөз: qazaqtimes.com

1 тамыз 2019, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.