Атырау, 21 желтоқсан 12:01
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау аумағы үш еседей өседі

4 275 рет қаралды


Жаңартылған Бас жоспарға сәйкес, Атырау қаласының жер көлемі 2030 жылға дейін 17 мың гектардан  41,5 мың гектарға дейін кеңейеді. Оның ішінде 14,3 мың гектар іргелес Махамбет ауданы жеріне созылады.

Атырау қалалық сәулет және қалақұрлысы бөлімінің басшысы Ерлан ҚАБДИНОВТІҢ айтуынша, қазіргі кезде Талғайран ауылы маңынан көп қабатты тұрғын үйлер мен қоғамдық нысандар салуға арналған 1000 гектар жер учаскесінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайын тұр. Ол жерде демалыс орындары, көп қабатты үйлер, 2 мектеп және дене шынықтыру сауықтыру орталығы мен емхана, спорттық және демалыс аймақтары қарастырылған.

- Бұдан бөлек, Талғайран ауылының маңында тағы 1300 га жерге егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп жатыр. Қала құрылысын дамыту тұжырымдамасына сәйкес ол жерде «танхаус» үлгідегі 2-қабатты 264 үй, 5-7,9 және 12 қабатты 360 тұрғын үй салу көзделген, - деп атап өтті Қабдинов.

Сонымен қатар, Еркінқала ауылдық округінің жобасы бойынша жалпы көлемі 421 гектар жер учаскесі бар. Мұнда 900 орынды екі мектеп, 120 орынды бір балабақша және 240 орынды  екі балабақша,  жанұялық амбулатория, әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы нысандар, демалыс орындарын салу қарастырылған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суретті түсірген автор

31 шілде 2019, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.