Атырау, 27 сәуір 08:39
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Әйелін мерт қылған Тегеран экс-мэрі өлімге кесілді

2 343 просмотра


Иран астанасы Тегеранның бұрынғы мэрі Әли Наджафиді сот екінші әйелін өлтірді деп танып, өлім жазасына кесті. Сот өкілі Голамхоссейн Эсмаили "Судья [Наджафи әйелін] қасақана өлтірді деп танып, өлім жазасын орындауды үкім етті" деді. Бұл туралы Ирандағы сот жүйесі туралы ақпарат тарататын Mizan сайты хабарлады.

Баспасөз хатшысының сөзінше, 67 жастағы Наджафи бұған қоса "заңсыз қару сақтағаны үшін" екі жыл түрмеге кесілген. Бұрынғы мэр Жоғарғы сотқа үкім үстінен 20 күн ішінде шағым түсіре алады.

Наджафидің әйелі Митра Остадтың денесі биыл 28 маусымда Тегеранның солтүстік-батысындағы үйінде табылған. Билік өкілдері Наджафидің жанжалдан соң әйелін өлтіргенін мойындап, полицияға өз еркімен берілгенін айтқан.

Ислам шариғатын ұстанатын Иранда көп әйел алуға рұқсат берілген. Наджафи жас қыздар билеген рәсімге қатысқаны үшін қарсыластарының сынына қалып, былтыр отставка кеткен. Бұрынғы мэр қызметтен "денсаулығына байланысты" кеткенін айтқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

31 шілде 2019, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.