Атырау, 27 қараша 17:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Кабулдегі шабуыл: Вице-президенттікке кандидат жараланды

1 849 просмотра


Жексенбі күні Ауғанстан вице-президенті лауазымына кандидат Амрулла Салех басқаратын Green Trend саяси қозғалысының кеңсесіне шабуыл жасалған. 

Салдарынан кем дегенде екі адам қаза тауып, 25-і жараланған. Бұл туралы Reuters шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады. Жарылыс жекеменшік университет маңында болған, артынша содырлар оқу орнына баса-көктей кіріп, осы ғимаратқа жапсарлас Green Trend кеңсесіне оқ жаудырған. 

Салех жараланған. Шенеуніктердің бірі күзетшілер қоршауындағы оң қолына қан жұққан вице-президенттікке кандидаттың фотосын көрсетті. Бұдан бұрын TOLOnews телеарнасы жергілікті уақытпен 16:40-та төрт адам шабуыл жасағандығын хабарлаған болатын. ІІМ атап өтуінше, Салех зардап шекпеген және осы ауданнан басқа жаққа кеткен. 

Елдің ІІМ ресми өкілі Нусрат Рахимидің айтуынша, ғимараттан кем дегенде 40 адам эвакуацияланған.

Дереккөз: inform.kz

29 шілде 2019, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.