Атырау, 15 желтоқсан 22:55
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Қырғызстан бозаны өндіру технологиясын патенттеді

2 731 рет қаралды


Қырғызстанда боза шығарудың теxнологиялық желісіне патент берілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап. 

Қырғызстан азаматтары - А.Садиева, Н.Тилемишова, А.Абдраимов, Р.Халмуратовтар енді ұлттық «Бозо» сусынын патент негізінде брендке айналдырмақ. 

Агенттіктің «Қырғызпатентке» сілтеме жасап xабарлауынша, теxнология тазалау-жуу машинасы, қайнату аппараты, салқындату ыдысы, араластырғыш, ашыту ыдысы, құйғыш-тығындағыш автомат секілді бөліктерден тұрады. Осының бәрі көтергіш қондырғысы бар жүк тасымалдайтын тіркемеге тізбектей орналастырылған. 

Теxнологияның бір ерекшелігі мынада, тазалау-жуу машинасы мен қайнату машинасының арасына араластыратын ыдыс, ал ашыту ыдысы мен құйғыш-тығындағыш автоматтың арасына арнайы иірмекті престегіш фильтр орнатылған. Боза — дәнді дақылдардан ашытып жасалатын ежелгі әлсіз ішімдік. 

Дайындалу технологиясы мен сақталу мерзіміне қарай жас боза, қорланған боза деп те аталады. Жас боза құрамында 4 — 6%, ал қорланған бозада 12 — 15% спирт болады.

Дереккөз: inform.kz

29 шілде 2019, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.