Атырау, 27 қараша 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Украина ұсталған ресейлік кемені босатты

2 216 просмотра


Украинада ұсталған "NIKA SPIRIT" танкері Ресейге қайтарылды. Бұл жөнінде "Интерфакс" агенттігі Киевтегі Ресей елшілігінің баспасөз хатшысы Денис Голенкоға сілтеме жасап хабарлады. 

РФ Адам құқықтары жөніндегі өкілі Татьяна Москалькова теңізшілер Молдавияға бет алғанын айтты. Олар сол жақтан Мәскеуге ұшпақ. Украина бас прокуратурасы экипаждың он мүшесі куәгер ретінде тергелгенін мәлімдеді. Бірақ олардың босатылғаны жөнінде пікір білдіруден бас тартты. Украина қауіпсіздік қызметі тергеу жүріп жатқандықтан, іс материалдары әзірге ашылмайды деді. 

Шілде айының 25-і күні таңертең Украина ресейлік "Ника Спирит" танкерін ұстаған. Кеме Одесса облысындағы Измаил портына тоқтаған. Украина қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, аталмыш танкер былтыр қараша айында Керіш бұғазында ресейліктердің үш украин кемесін ұстау сәтінде оларға тосқауыл қойған. Ол кезде  кеме "Нейма" деп аталған.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

26 шілде 2019, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.