Атырау, 27 қараша 17:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Қайтыс болған» Бердімұхамедов эфирге шықты

2 575 просмотра


24 шілдеде 9 күндік демалыста болған Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовты мемлекеттік телеарналар көрсетті. 

Бұл – қайтыс болды деген сыбыстан кейін яғни 20 шілдеден соң Бердімұхамедовтің бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш төбе көрсетуі. «Түркіменстан хроникасы» сайтының хабарлауынша, телеарнадан көрсетілген хабарда ел президент бірқатар құрылыс жобаларын мақұлдап, болашақта Ашхабад қаласында салынатын Ахал велаяттың жобасын таныстырған. Сонымен қатар, 15 шілдеде басталып, әлі аяқталмаған еңбек демалысына қарамастан, мемлекет басшысы «өз уақытын тиімді пайдаланатынын» айтқан. 

21 шілдеде әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде суық хабар тараған. Атап айтқанда 62 жастағы түркімен басшысы Құрбанғұлы Бердімұхамедовтың өмірден озғандығы жөніндегі ақпарат жұрт назарын өзіне аудартты. Түркіменстан саясаттанушысы Аслан Рубаев «Говорит Москва» радиосына берген сұхбатында Түркіменстан президентінің көз жұмғандығы жөнінде айтқан. 

Осыдан кейін әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың жұмбақ жағдайда қайтыс болғандығы жөнінде ақпараттар тарай бастаған. Кейіннен Түркіменстан дипломаттары бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтындығын айтып, мәлемдеме жасаған.

Дереккөз: qazaqtimes.com

25 шілде 2019, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.