Атырау, 27 қараша 17:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Кәрімованың резиденциясы Мирзиеев күйеу баласының иелігіне өтті

2 610 просмотра


Өзбекстан экс-ханшайымы Гүлнара Кәрімованың резиденциясы президент Шавкат Мирзиеевтың күйеу баласының иелігіне өтпек. 

Ташкент облысының Бостандық ауданында орналасқан «Сижжак» демалыс аймағы Шавкат Мирзиеевтың күйеу баласы Отабек Умаровтың басқаруындағы триатлон федерациясына берілмек. Бұған дейін аталмыш демалыс аймағы Гүлнара Кәрімованың резиденциясы болған. 2017 жылдың ақпан айының 10-ы күні Ташкент облыстық соты тәркілеген. Демалыс аумағында қонақ үй, бірнеше бассейн, амфитеатр, котедж және су мұнарасы бар. Өзбекстан триатлон федерациясының басшысы болып наурыз айында Шавкат Мирзиеевтің күйеу баласы Отабек Умаров тағайындалған. Ол президенттің кіші қызы Шахноза Мирзиееваның күйеуі.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

25 шілде 2019, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.