Атырау, 27 қараша 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Facebook аса ірі көлемде айыппұл төлемек

2 384 просмотра


АҚШ-тың федералдық сауда комиссиясы қолданушылардың мәліметтерін сақтап қалмағаны үшін Facebook компаниясына бес миллиард доллар көлемінде айыппұл салды. 

АҚШ-та компанияларға бұрын-соңды осыншалықты көп көлемде айыппұл салынбаған. Бұған қоса, компания бағалы қағаздарға қатысты шағымды реттеу үшін тағы 100 миллион доллар төлеуі қажет болады.

Билікпен ардағы келісімге сәйкес құпиялылық талаптарын орындауға Facebook негізін қалаушы Марк Цукербергтің өзі жауапты болады.

Былтыр наурыз айында АҚШ билігі әлеуметтік желіге қатысты тергеу жүргізген. Сол кезде журналистер британдық Cambridge Analytica зерттеу компаниясын Дональд Трамптың сайлауалды компаниясы кезінде Facebook қолданушыларының мәліметтерін пайдаланған деп айыптаған. Мәліметтер сайлау нәтижесіне әсер ету үшін, Брекзитке қатысты дауыс беру мен Франциядағы "Ұлттық фронт" мүддесі үшін пайдаланылған болуы мүмкін деп жазады швейцарлық Das Magazine журналы.

Жанжалдан кейін Марк Цукерберг АҚШ конгресінің екі бірдей тыңдауына қатысуына тура келді. Facebook қолданушыларының дерегімен жұмыс істеу тәртібіне өзгеріс енгізілетінін хабарлаған. Әлеуметтік желі әкімшілігі қосымша әзірлеушіні қолданушымен шарт жасауға міндеттемек, онда қосымша әзірлеушінің жеке мәліметтерді қандай жағдайда пайдалана алатыны егжей-тегжейлі көрсетілмек.

Ал аталған айыптауларды жоққа шығарғанымен британдық Cambridge Analytica компаниясы жұмысын тоқтатты. Компания бұл айыптау салдарынан барлық-дерлік клиентінен айырылғанын, осыған байланысты банкротқа ұшырағанын мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

25 шілде 2019, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.