Атырау, 27 қараша 18:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ұлыбритания Иранға санкция салмақ

1 937 просмотра

Фото: https://s3.reutersmedia.net

Ұлыбритания Ормуз бұғазында «Stena Impero» танкерін тұтқынға алғаны үшін Иранға қарсы санкция пакетін дайындады. Британдық «The Telegraph» басылымының хабарлауынша, бұл шектеу дипломатиялық және экономикалық сипатта өрбиді. Одан бөлек Біріккен Корольдік Еуроодақ пен БҰҰ-ның Иранға қарсы санкциясын қайта жандандыруды талап етіп отыр. 

19 шілде түнде Ормуз бұғазында Иран билігі екі британдық кемені басып алған болатын. Ұсталған екі кеменің бірінде – британ туы, екіншісінде либерия туы ілінген. Иран тарабының мәлімдеуінше, британиялық Stena Impero мұнай танкері жұма күні түнде Хормозган провинциясының айлақ және теңіз ұйымының өтінішімен ұсталған. Оған халықаралық теңіз ережелерін бұзды деген айып тағылды. Кейіннен ресми Теһран бұл қадамын Гибралтардағы ирандық танкердің тұтқындалуына жауап ретінде жасағанын мәлімдеді. 

22 шілдеде НАТО мен Еуропалық одақ Ираннан британ танкерін дереу босатуды талап етіп, санкция салу жөнінде қатаң ескерту жасады. Аталған жайттан кейін Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джереми Хант Ормуз бұғазында кемелер қозғалысына шектеу қойылса, бұдан Иран жағы көбірек зардап шегеді деп ескертті. Енді Британия бұған жауап ретінде Иранға санкция пакетін әзірлеп жатыр. Лондон Еуроодақ пен БҰҰ-дан да Теһранға қарсы шектеу енгізуін сұрамақ. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында Лондон бұл әрекетті «елдің ішкі ісіне араласу» деп айыптады.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

23 шілде 2019, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.