Атырау, 27 қараша 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Илон Маск адамның ойын оқуға арналған чипті таныстырды

Сурет
2 725 просмотра


Тесла мен SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск жаңа  "Neuralink" жобасын таныстырды. The New York Times газетінің жазуынша, ол  100,000,000 долларға жуық инвестиция құйған. 

Аталған "Neuralink" жобасы табиғи және жасанды интеллектті біріктіруге мүмкіндік береді, яғни, адам миы мен компьютерді байланыстырады. Компьютерге үлкен көлемдегі деректерді жіберу үшін миға тіпті адам шашынан да жіңішке "жіптер" орнатылады. Компанияның айтуынша, бұл ең алдымен сал ауруына ұшыраған адамдардың мүддесі үшін жасалып отыр. Аталған "жіпті" пайдаланып, олар телефон немесе компьютерді "ойлау қабілеті" арқылы басқарады. 


Бұл чиптің өзі қалыңдығы 4-6 мкр жіпке ұқсайды. Жоғарыда атап өткендей, ол адам шашынан да жіңішке. Ол миға енгізіледі және мидың белсенділігін анықтап, құлақ артына орнатылған аппаратқа жіберіледі. Әзірге оларды бір-бірімен байланыстыру үшін USB-C қолданылуда, алайда болашақта Neuralink сымсыз технологияны пайдалануды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, компанияның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда зертханадағы тышқандарға 19 ота жасалып, 87 пайыз жағдайда ота сәтті өткен. Енді келер жылдан бастап бұл эксперимент адамдарға жасалмақ. Сондай-ақ, презентация кезінде компания басында USB-C-порты бар тышқанның бірін көрсетті. Бұл аппарат тышқан миының белсенділігі туралы ақпарат жіберіп отырады.

Дереккөз: qazaqtimes.com


22 шілде 2019, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.