Атырау, 29 наурыз 17:35
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Иран телеарнасы: Британ танкері экипажы аман-есен

1 956 просмотра


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 22 шілдеде шұғыл жиында үш күн бұрын Иран әскери күштері басып алған танкер мәселесін талқыламақ.

20 шілдеде жаңалық агенттіктері жариялаған британ билігінің БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне хатында Оманға қарасты теңіз аймағында заңды түрде жүзіп жүрген танкерді иран күштері басып алғаны айтылған.

"Экипаждың барлық 23 мүшесі аман-есен, олар Бендер-Аббас портында қауіпсіз жерде" деді Иран мемлекеттік телеарнасына сұқбат берген Хормозган провинциясының кеме қатынасы және порттар ұйымының басшысы Аллахморад Афифипур.

Оның сөзінше, экипаж мүшелерінің ары қарайғы тағдырына олардың Иран қызметімен бірге жұмыс істеуге әзірлігі әсер етпек.

"Тергеу кеме экипажы мүшелерінің бірлесе жұмыс істеуіне байланысты. Бұған қоса істі зерттеу үшін дәлелдерге де қол жеткізуіміз қажет" деген ол.

НАТО арнайы мәлімдеме жасап, Иранның Ормуз бұғазында екі коммерциялық кемені басып алуын айыптады. Одақ Тегеранды экипаж мүшелерін босатуға шақырды.

19 шілдеде Иран әскерилері Ормуз бұғазында екі кемені басып алған еді. Либерия туы ілінген кемені кейінірек босатқан. Ал Ұлыбритания туы бар, бортында 23 адам болған танкер Бендер-Аббас портында қалған.

Ұлыбритания бұған жауап ретінде Иранға санкция пакетін әзірлеп жатыр. Лондон Еуроодақ пен БҰҰ-дан да Тегеранға қарсы шектеу енгізуін сұрамақ. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында Лондон бұл әрекетті "дұшпандық акт" деп атаған және Иранның "танкер халықаралық теңіз ережесін бұзғаны үшін ұсталды" деген уәжін қабылдаудан бас тартқан.

Дереккөз: azattyq.org 

22 шілде 2019, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.