Атырау, 22 тамыз 12:53
Кешке ашық+31, түнде +24
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 386.05  € 428.25  P 5.84

ЕО: Ресей MH17 ұшағы апатын өз мойнына алуы тиіс

18 шілде 10:49


Еуропа одағы Ресей малайзиялық MH17 ұшағы апатын өз мойнына алуы керек деп санайды. Бұл туралы ЕО кеңесінің апаттың бес жылдығы қарсаңында қабылдаған декларациясында айтылған.

ЕО құжатта Мәскеуді ұшақ апатын тергеуде Батыс елдерімен бірге жұмыс істеуге шақырады. Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Мәскеу қатыспаған барлық тергеу мен тексеру жұмыстарының нәтижесін мойындамайтынын айтқан.

19 маусымда Нидерланды прокуратурасы малайзиялық ұшақтың апатына қатысты Ресейдің үш азаматын және Украинаның бір азаматына ресми түрде айып таққан. Олар: Украина шығысында өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасының" әскерінің бұрынғы жетекшісі Игорь Стрелков (негізгі фамилиясы – Гиркин), оның орынбасары Сергей Дубинский (лақап аты – Хмурый), Дубинскийдің көмекшілері Олег Пулатов (Гюрза) және Леонид Харченко (Крот).

Тергеушілер осы төрт адам «Бук» зымыран кешенін Донецк аймағына жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды деп санайды.

Осыдан бес жыл бұрын, 2014 жылы 17 шілдеде Украинаның Донбасс аймағында Малайзияның MH17 ұшағын атып түсірген. Борттағы 298 адам мерт (193 голландиялық, 43 малайзиялық, 27 австралиялық және 4 бельгиялық) болған. Ұшақ Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан.

Бұл апат бойынша процесс 2020 жылы 9 наурызда Гаага сотында басталады деп жоспарланған.

Бүгін, 17 шілдеде Нидерланды елінде ұшақ апатынан көз жұмғандарды еске алу шарасы өтеді.

Дереккөз: azattyq.org/ 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

333 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4