Атырау, 21 желтоқсан 17:10
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 777 просмотра

Муай - тай

12-14 маусымда «Атырау» спорт кешенінде Муай-тайдан балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық облысынан 210 жас спортшы қатысты. Чемпионатта Атырау облысынан 29 спортшы бақ сынаған болатын. Олардың 5-і алтын, 2 күміс, 7-і қола медальді еншіледі.

Бұл жарыс қыркүйек айында Түркияның Анталия қаласында өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезең болып саналады.  

Жекпе-жек

Шілденің 4-7 аралығында Орал қаласында жекпе-жектен ҚР кубогы өтті. Додаға Атырау облысынан 14 спортшы қатысып, командалық есепте 2-ші орынды еншіледі.

Жарыс қорытындысында 53 келі салмақта Бердібек СИРАЖЕВ, 65 келіде Нұрбек ОТАР, 70 келіде Әділбек ҚАЙЫРҒАЛИ, 80 келіде Абылай ДӘУІТОВ және 90 келі салмақта Думан НҰРМҰХАНОВ ел чемпионы атанса, 57 келі салмақта өнер көрсеткен Рамазан ИБАТОЛЛА күміс, 80 келі салмақта Сұлтанбек ӨСЕРБАЕВ қола медальді қанжығалады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

18 шілде 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.