Атырау, 27 сәуір 00:27
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Швециядағы әуе апаты: 8 парашютист пен ұшқыштың құлаған сәті желіде жарияланды

Бейнежазба
2 528 просмотра


Швециядағы әуе апаты салдарынан 8 парашютист және ұшқыш қаза тапты. 

Оқиға елдің солтүстігінде орналасқан Умео қаласының маңындағы солтүстік Вестерботтен провинциясында орын алған. Облыстық әкімшіліктің сайтында хабарланғандай, парашютистерді тасымалдаған бір моторлы спорттық ұшақ құлап түскен. Әуе кемесінің бортында сегіз парашютист пен бір ұшқыш болған. Барлығы да көз жұмды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, GA8 Airvan үлгісіндегі ұшақ Умео әуежайынан аттанғаннан кейін 42 минуттан соң апат туралы белгі беріп, құлаған. Оқиғаның себептері анықталуда.


Дереккөз: inform.kz


15 шілде 2019, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.