Атырау, 27 қараша 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Грузия Ресей сұраған күдіктіні экстрадициялаудан бас тартты

2 127 просмотра


Грузия билігі 28 жастағы Ярослав Сумбаевты Ресейге экстрадициялаудан бас тартты. Сумбаев "ресейлік тергеушісі Евгений Шишкиннің өлімін үйымдастырды" деген күдікке ілінген.

Ресейлік "Коммерсантъ" басылымының жазуынша, Сумбаевтың экстрадициясы Грузия мен Ресейның қарым-қатынасы ушыққан тұста тоқтатылды. Грузиялық журналистер Сумбаев ісінде саяси астар бар деп санайды. Олар "Сумбаев Ресейдің басқа елдерге кибершабуыл жасағанын біледі, сондықтан Мәскеу сылтауратып, оны Шишкиннің өліміне айыптап отыр" деп санайды.

Ресей Тбилисиден Сумбаевты "теміржол билеттеріне қатысты алаяқтық ісі" бойынша экстрадициялауды сұраған. Мамырда Тбилисидегі сот Сумбаевты Ресейге беру туралы шешім шығарған, ал қорғаушылар Грузия жоғарғы сотына шағымданған.

 

Сумбаев Астраханьда туған. Оны Интерполдың сұрауы бойынша 2018 жылы қарашада Тбилисиде ұстаған. Мәскеу Сумбаевты "Ресей теміржолдары" компаниясына қарасты билет сату агенттіктерінің поштасын бұзған хакерлер тобын басқарған деп санайды. Оған "банк карталарынан ақша ұрлады" деген күдікпен халықаралық іздеу жариялаған.

Сумбаев хакерлік шабуылдарға қатысты айыбын мойындаған, бірақ тергеушіні өлтірді деген айыпты жоққа шығарған.

Соңғы уақытта Ресей мен Грузия арасындағы жағдай ушығып түр. Маусымда Ресей думасының депутаты Сергей Гаврилов Тбилисиге келіп, Грузия парламенті спикерінің орындығына отырған. Осыдан соң Грузияда наразылық басталған. 8 шілдеде Ресей билігі Грузияға ұшатын ұшақтарды тоқтатқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

15 шілде 2019, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.