14 шілдеде қала сыртындағы Бірлік ықшам ауданында "Lada Priora" КамАЗ-бен соғысқан. Алдын ала деректер бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі үлкен жүк көлігін басып озбақ болып, жауын кезіндегі су жолдан тайып кетіп, рульге ие бола алмай қалған. «Приора» жүргізушісі мен алда отырған жолаушы жан сақтау бөліміне жатқызылса, қалған екі жолаушы жеңіл жарақатпен ауруханада ем алып жатыр.
Қылмыстық іс қозғау мәселесі дәрігерлердің ресми қорытындысынан кейін шешіледі.
Әлеуметтік желідегі видеода «жедел жәрдемнің» 40 минуттан бері келмегенін айтады. Алайда, «АЖ» дерегі бойынша, 3 жедел жәрдем бригадасы 7 минуттан кейін келген.
Фархат ӘБІЛОВ
Әлеуметтік желіден алған бейнежазба