Атырау, 27 қараша 17:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ауғанстанда жергілікті радиостанция журналисін өлтіріп кетті

4 113 просмотра


Ауғанстан шығысындағы Пактия провинциясында журналист Надир Шах Сахибзаданы белгісіз біреулер өлтіріп кетті. Бұл туралы 14 шілдеде жергілікті полиция хабарлады.

Radio Gardez компаниясы журналисінің денесі 13 шілдеде табылған. Жергілікті полиция басшысы Мохаммад Хосман Шанбаздың сөзінше, әзірге қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде я журналистік қызметіне байланысты болғаны белгісіз. Бұл қылмысты әзірге ешкім мойнына алмаған.

Бұған дейін Ауғанстанда журналистерге «Талибан» қозғалысы және «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы бірнеше рет шабуыл жасаған.

2018 жылы Ауғанстан журналистер үшін ең қауіпті ел деп танылған. Халықаралық «Журналистерді қорғау комитеті» құқыққорғау ұйымының мәліметінше, былтыр Ауғанстанда кәсіби қызметін орындау кезінде түрлі ақпарат құралының 13 өкілі көз жұмған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

15 шілде 2019, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.