Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі ұшыраған жол апатына қатысты қосымша мәліметтер жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Жол-көлік оқиғасына жоғары лауазымды тұлғалар күзет қызметкерлерінің жеке құрамы отырған Volkswagen Transporter шағын автобусы және жолай бағытта жүріп келе жатқан екі автокөлік түскен. Бұл туралы Украина Мемлекеттік күзет басқармасының Facebook-тегі хабарламасында айтылады. Олардың мәліметінше, қаза болғандар жоқ, ал оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, жарияланымда жүргізушілердің жетіспеуі және олардың демалыс және жұмыс кестесінің бұзылуы туралы хабарламалар шындыққа сәйкес келмейтіні айтылады. Бұрын Страна.ua басылымы Украина президентінің кортежі ұшыраған апат туралы хабарлаған еді, алайда онда Зеленскийдің өзі болған жоқ, өйткені мемлекет басшысы Киевке ұшақпен кеткен.
Дереккөз: tengrinews.kz