Атырау, 27 қараша 18:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Киевте "112 Украина" арнасының ғимаратын атқылаған

1 878 просмотра


Шілденің 13-іне қараған түні Киевте белгісіз біреулер "112 Украина" арнасының редакциясы орналасқан ғимаратты граната атқышпен атқылаған. Полицияның хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында граната атқыштың бөлшектері табылған. Шабуыл террористік әрекет ретінде зерттеліп жатыр.

Оқиға салдарынан ғимараттың алдыңғы бөлігі бүлінген. Телеарна сайтында жарияланған суреттен шабуылдаушылардың "112 Украина" деп жазылған логотипті де көздегені байқалады. Снаряд қабырғаны тесіп өтіп, баспалдақтарға тиген. Шабуылдаушылар әзірге ұсталған жоқ.

"112 Украина" арнасы жақында құқық қорғау органдарына ашық мәлімдеме жасап, "белгісіз бір радикалдардың редакция жұмысына қоқан-лоқы жасап, ықпал еткісі келетінін" мәлімдеген.

8 шілдеде елдегі тағы бір арна NewsOne "журналистерге жасалған қоқан-лоқы салдарынан" "Россия 1" арнасымен ұйымдастырған телекөпірді тоқтатқан. Украинаның бас прокуратурасы телекөпірді жарнамалағаны үшін "мемлекетке сатқындық жасау ісі" бойынша арна үстінен қылмыстық іс қозғаған. Украина прокуратурасының хабарлауынша, NewsOne құрылтайшыларының ресейлік "Промсвязьбанкпен" байланысы бар болуы мүмкін. Украинаның қауіпсіздік қызметі "112 Украина" арнасына да санкция салуды сұраған еді. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, екі телеарнаның да украиналық саясаткер және бизнесмен, Ресей президенті Владимир Путиннің құдасы Виктор Медведчукпен байланысы бар.

Телеарнаның иесі украиналық депутат Тарас Козак бұл айыптарды жоққа шығарып, "ресейлік банкпен байланысы бар" деген ақпаратты да терістеген.

Дереккөз: azattyq.org 

14 шілде 2019, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.