Атырау, 24 қараша 15:59
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ауыр күннен кейінгі ауыр қылмыс

3 362 просмотра

Көрнекі сурет

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотында өз жұмыстасын өлтіріді деп айыпталған «Махамбет» ауданындағы шаруа қожалығының жалдамалы қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта белгілі болғандай, 28 ақпанда ауыр жұмыс күнінен кейін А. жұмыстасы Т.-мен бірге «шаршағандарын басып», арақ ішуді құп көреді. Алайда «тентек су» өз дегенін істеп, екеуі келісе алмай, А. бөтелкелесінің кеудесіне пышақ салады. Зардап шегуші сол жерде тіл тартпай кетеді.

Сот А.-ны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-тармағы (Кісі өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, 9 жыл қатаң режимді колонияға бас бостандығынан айырды.

Фархат ӘБІЛОВ   

13 шілде 2019, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.