Атырау, 27 қараша 18:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

2050 жылға барғанда кейбір ірі қалаларда адам өмір сүруі қиындай түспек

2 318 просмотра


Жер климатының жылынуы туралы зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2050 жылдарға қарай әлемдегі ірі қалалардың бестен бірі аса ауыр климаттық қиыншылыққа тап болады. Бұл туралы The Times басылымы хабарлады. 

Зерттеу мәліметтеріне қарағанда, енді 30 жылда әлемдегі ірі шаһарларда климаттың жылынуынан туындаған зардаптар анық көріне бастайды. Кейбір алып шаһарларда адам өмір сүруі қиындай түседі. Болжамға сәйкес, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтарындағы қалалар климаттың жылынуынан көбірек зардап шегуі мүмкін. Айталық, Сингапур, Жакарта (Джакарта) секілді тропикалық қалалар ауа райының шұғыл өзгерістерімен бірге құрғақшылыққа тап болады деп күтілуде. Зерттеу нәтижесіне сенсек, 2050 жылға барғанда әлемдегі барлық ірі қалаларда орташа температура 2 градусқа жоғарлайды. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

12 шілде 2019, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.