Атырау, 27 қараша 19:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сауд Арабиясы «Boeing 737 Max» ұшағын алудан бас тартты

2 132 просмотра


Сауд Арабиялық компания «Boeing 737 Max» лайнерінің 30 данасына тапсырыс беруден бас тартты. Бұған аталған ұшақтың бірнеше рет апатқа ұшырауы себеп болған, – деп хабарлайды Reuters агенттігі.

10 наурызда Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында «Ethiopian Airlines» компаниясына тиесілі «Boeing 737 Max» ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 157 адам көз жұмған. 2018 жылы қазан айында Индонезияда тап осы модельді лайнер құлап, 189 жолаушы қаза тапқан еді. Аталған жағдайдан кейін «Boeing 737 MAX» ұшағына тыйым салған елдердің қатары артты. Осыған дейін Ұлыбритания мен Франция ұшақтан бас тартса, Малайзия, Австралия, Индонезия, Қытай мен Сингапур билігі әуе кемесін бұдан былай сапарға шығармайтын болды. Кей мемлекеттер аталмыш типті ұшақтарды қайта бақылаудан өткізу туралы шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта Қазір компания қайғылы жағдайға себеп болған бөлшектің ақаулы жерлерін алмастыру жұмыстарын жүргізуде.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

9 шілде 2019, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.