Атырау, 24 қараша 15:45
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жұртта қалғандай

Сурет Бейнежазба
3 582 просмотра


Өткен ғасырдың ортасында салынған Индербор кенті С. Сейфуллин көшесіндегі 8 пәтерлік үш үй 2017 жылы апатты деп танылып, тұрғындары жаңа салынған үйге көшірілді.  Содан бері екі жыл бойы иесіз қалған үй құлап, орны қоқыс үйіндісіне айналған.

- Үйіміз осы қоқыс арасында қалды. Бұл үйлерден бөлек олардың қора жайлары, гараждары, әжетханалары бар еді. Тұрғындар көшкенде алатындарын алып, қоқыстарын тастап кетті. Әжетханалардың орны ашық жатыр, оны біз балалар түсіп кетпесін деп көмгендей болдық. Бірақ сасық иістен  арылу мүмкін емес, тіпті тереземізді ашудан қалдық, - дейді көрші жеке үй иесі Тахбила СИСЕНҒАЛИЕВА.Мұны әкімнің «телеграм» мессенжеріндегі чатына да бірнеше рет жаздық, бірақ ешкім жауап бермейді. Жұртта қалғандаймыз.

Ақылбек ЕРТІГЕЛОВ Тахбила СИСЕНҒАЛИЕВА

Тұрғындардың айтуынша, көшеде жарық жоқ, жол нашар, тіпті, таксилер де осы Сейфуллин көшесіне кіруден бас тартады екен.

- Себебі бұл жаққа ешкім келгісі келмейді, мына үйлер ғой қорқыныш туғызып тұрған. Қоқыстардың ішімен жүру мүмкін емес, ашық қалған әжетханаға түсіп кетуі де мүмкін ғой,- дейді тұрғын Ақылбек ЕРТІГЕЛОВ - Балалар ойнайтын жер қалмады. Аяқтарына шеге, ағаш жаңқалары кіріп жарақаттай ма деп зәре жоқ. Қанша жылдан тұр, неге тазартып бермейді.

Аудандық әкімдіктен білгеніміздей, осы жерден 24 және 36 пәтерлік екі үй салу жоспарланып, сметалық жобасы жасалып, сараптамадан өткен. Бұл үйлерді бұзып, орнын күреп  тазарту жұмыстары да сметалық жобаға енгізілген. Енді үй құрылысы үшін бюджеттен қаржы бөлінуі керек.

- Ашығын айту керек, биыл бұл жерден жаңа үйдің құрылысы жүрмейтіні анық. Бәрі бөлінетін қаржыға байланысты, - дейді аудандық ТКШ бастығы Абзал РАМАЗАНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен видеоны түсірген автор

9 шілде 2019, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.