Атырау, 27 қараша 19:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Зеленский: Ескі саясаткерлер ескі жүйені таңдайды

2 402 просмотра


Украина президенті Владимир Зеленский Жоғары Рада сайлау заңнамасын өзгертуге қарсылық білдіргеннен кейін украин халқына мәлімдеме жасады. 

«Қымбатты украиналықтар! Жоғары Рада сайлау заңнамасын өзгерту туралы заң жобасын қолдамады. Ескі саясаткерлер ескі жүйені таңдайды. Себебі, бұл өздерінің саяси өмірлерін ұзартуға мүмкіндік береді», – деп украиналықтарға саясаттағы жаңашылдықты қолдау керектігін айтты. Сондай-ақ, Украина президенті шенділердің қарсылығына қарамастан, алдағы күндері жаңа реформаның жүзеге асатынын жеткізді. 

Естеріңізге салайық, Владимир Зеленский 20 мамырда Украина президенті лауазымына кіріскен болатын. Оның алғашқы заңнамасын Жоғары Рада қабылдамай тастаған.  

Дереккөз: qazaqtimes.com


8 шілде 2019, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.